Untitled Document

Денсаулық... Бақытты сезінудің ғылыми жолы

Ғалымдардың айтуынша: «Өзіңе деген сенімділік, күйзеліс, бақыт т.б» бұлар біздің миымызда орын алатын химиялық процестер болса керек. Оларға «бақыт гормоны» деп аталатын серотонин жауапты. Серотонин деңгейін көтере отырып, өзіңді бақытты сезіну үшін қажетті сипаттамалар:

● Күндізгі жарық миға серотониннің көптеп келуіне түрткі болады. Сондықтан ғалымдар күн сайын 15-20 минуттық серуендеуді әдетке айналдыруға кеңес береді.

● В6 және В12 дәрумендері серотониннің мөлшеріне оң әсер етеді және күйзелістен шығуға көмектеседі. Дәрумендерді бөлек ішу міндетті емес. Олар жұмыртқа, картоп, апельсин, астық, жарма, ет, қышқыл өнімдер мен балықтарда кездеседі. 

● Белсенді, жарқын болыңыз. Өзіңізді бақыттымын деп сендіру арқылы, сіз шын мәнінде бақытты бола түсесіз. Ішкі түйсікпен өзіңді позитивке даярлау серотонин мөлшерінің ұлғаюына әкеледі.

● Ақуыз жөнінде ұмытпаңыз. Ақуыз құрамында – серотонин синтезіне қатысты триптофан амин қышқылы бар. Ағзада триптофанның жеткіліксіздігі серотониннің жинақталуына мүмкіншілік бермейді, ал бізге – өзімізді бақытты сезінуге кедергі келтіреді. Триптофан жаңғақ, ірімшік, халуа және тауықта көптеп кездеседі.

● Массаж – серотонин синтезі бұғаттайтын кортизол күйзеліс гормонынының деңгейін төмендетеді. Кортизол қаншалықты төмен болса, серотонин де соншалықты көп болады.

● Спортпен шұғылданыңыз. Зерттеулерге сүйенсек, жаттығу кезінде триптофан түзіледі екен. Оның ағзадағы деңгейі жаттығудан кейін де жоғары күйде қалады.

● Жиі медитациялаңыз (жақсы ойға беріліңіз). Күйзеліс кезінде ағзаның серотонин бөліп шығаруға мүмкіншілігі жоқ. Зерттеулер айтқандай, біз медитациялағанда босаңсимыз және күйзелістенген ми бөлігін белсендете түсеміз.