Untitled Document

Сұхбат... Өлгеннен кейін тірілу

Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену керек. Сүйек пен ет шіріп, топырақ пен газға айналғаннан кейін денелер қайтадан жаратылады, рух денеге кіріп, барлық адам қабірлерінен тұрады. Осы себептен бұл уақытқа «Қиямет күні» делінеді.

Бүкіл жандылар «Махшар» жерінде жиналады. Әрбір адамның амал дәптері ұшып иесіне келеді. Бұларды жер мен көкті, молекулаларды, жұлдыздарды жаратқан шексіз құдірет иесі – Аллаһу та’ала жасайды. Бұлардың орындалатындығын Аллаһу та’аланың Расулы (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) хабар берген. Оның айтқандары әрине дұрыс. Әлбетте бәрі орындалады.

Салихтардың, жақсы адамдардың амал дәптері оң жағынан, ал күнәхарлардың, жаман адамдардың дәптері артынан немесе сол жағынан беріледі. Жақсы-жаман, үлкен-кіші, жасырын немесе ашық түрде жасалған барлық нәрсе дәптерде жазулы болады. «Кирамән катибин» періштелері білмейтін амалдар да ағзаның хабар беруімен немесе Аллаһу та’аланың білдіруімен мәлім болады, барлық нәрседен сұрақ және есеп сұралады. Махшарда Аллаһу та’ала қалаған бүкіл жасырын нәрселер жарияланады. Періштелерден «Жерде, аспанда не істедіңдер?», пайғамбарлардан (салауатуллаһи та’ала уә таслиматуһу алейһим әжмаин) «Аллаһу та’аланың үкімдерін Оның құлдарына қалай жеткіздіңдер?», барша адамдардан «Пайғамбарларға қалай бағындыңдар, сендерге білдірілген міндеттерді қалай орындадыңдар? Бір-бірлеріңнің алдындағы ақыларға қалай мән бердіңдер?» деп сұралады. Махшарда иманы бар болып, амалы мен мінезі жақсы болған адамдарға сый-сияпат көрсетіледі. Жаман мінезді, амалдары бұзық адамдарға ауыр жазалар беріледі.