Untitled Document

Тарихи дерек... Дешті-қыпшақта туылып, топырағы бұйырмады...

Сирия
Әбу Насыр әл-Фараби – Отырарда туып, әлемге даңқы жайылған шығыстың ойшылы. Философ, математик, астроном, физик, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Әл-Фараби 970 жылы Шам шаһарында Баб әс-Сағир зиратына жерленген. Кесенесі 2010 жылы Қазақстан Үкіметінің ат салысуымен қайта қалпына келтірілді.

Египет
Сұлтан Бейбарыс – 1223-1277 жылдары Мысырда билік құрған. Қыпшақ даласында туған даңқты әмірші Каирде жерленген. 2010 жылы қайта қалпына келтірілген 6 тарихи нысанның тізімінде Сұлтан Бейбарыстың да кесенесі бар.

Қайтпай
(Толық ныспысы – әл-Әшраф Сейіт ад-Дин Қайтпай). 1416 (18) жылы Дешті-Қыпшақ топырағында кіндігі кесілген. Қайтпай Мысыр мен Шамның (Сирия) мәмлүктерден шыққан он сегізінші сұлтаны (1468-1496) болған. Ол Мекке, Мәдина, Каир, Құдыс (Иерусалим), Дамашық (Дамаск), Халеб (Алеппо), Александрия секілді шаһарлардың құрылысында өз қолтаңбасын қалдырды. Сұлтан 1496 жылы дүниеден өтті. Сүйегі өзі салдырған Қайтпай кешеніне жерленген.

Үндістан
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстанмен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашидин» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы. Үндістанның Кашмир штатындағы «Мазар-и Салатин» қорымында жерленген.