Untitled Document

Сұхбат... Жарылған қолдар

Ауыл тұрғындардың бірі пайғамбарымыздың жанына келді. Екі қолын жасырып пайғамбарымызға қарама қарсы отырды. Екі қолы жарылып қарайғандықтан ыңғайсызданды. Пайғамбарымыз (сәлаллаһу алейһи уә сәлләм) оны байқап өз қолдарын оған созды. Әлгі кісі құрметпен ерекше ықыласпен қолдарын алды. Бірақ оның жүрегінде бір мұң бар еді.

- Я, Расулуллаһ! Топырақпен араласып жарылып, қақаған дөрекі де қатты қолдарыммен қысып, мүбәрәк алақаныңызды ауыртқым келмеді, – деді.

Сонда пайғамбарымыз ауыл тұрғынының ыңғайсыздығын жеңілдету үшін екі қолын алып: “Бұл қолдар сондай қолдар, оларды Аллаһ та, Аллаһ Елшісі де жақсы көреді. Жұмыс істеп, жарылған қолдар құрметті” – деді.

Күннің тарихы...

Алматы қаласы

1854 жылы 4 ақпан – қазіргі Алматының тұрған орны Заилийское деп атала бастады. 1867 жылдың 11 сәуірінен – Верный қаласы, 1921 жылдың 5 ақпанынан – Алматы қаласы аталады. 1929 жылдан бастап бұл қала Қазақстанның астанасы болды. Верныйда 1897 жылы алғаш жүргізілген халық санағы бойынша 22,7 мың адам тұратын болса, 1978 жылы 910 мыңға жеткен. Ал 1982 жылы Алматы қаласы КСРО бойынша тұрғындар саны 1 миллионға жеткен 22-ші қала ретінде тіркелді.