Дұрыс имсак уақыты туралы анықтамалар

Түркия күнтізбесінің даярлаған, интернетте де жарияланып жүрген уақыттарда және кестелерде тәмкин уақыты мен намаз уақыттарына тән болған күннің шариғи горизонттан биіктік мөлшері, яғни горизонттан биіктік бұрыштары мүлдем өзгертілмей, намаз және ораза уақыттары дұрыс күйде білдірілген. Төрт мазһабта да имсак уақыты «шариғи түннің» соңында басталады. Яғни «фәжри садық» деп аталатын ағарудың шығыстағы сыртқы горизонт сызығының бір нүктесінде көрінуімен басталады. Ораза да осы уақытта басталады. Яғни күн сыртқы горизонт сызығына 19 градус жақындағанда басталады.  

Ислам астрономиясының ғалымы Ахмед Зия бек «Руб-и даира» атты кітабында былай дейді: «Еуропалықтар фәжри садықтың бастамасы ретінде горизонт бетіндегі ағарудың (таңғы шапақ) толығымен жайылған уақытын есептеуде. Сондықтан фәжр есептерінде күннің биіктігін -18 градус деп алуда. Ал біз горизонт бетіндегі ағарудың алғаш көрінген уақытын есептеудеміз. Сондықтан күннің биіктігі -19 градусқа көтерілген уақытын табамыз. Өйткені ислам ғалымдары имсак уақытын таңғы ағарудың горизонт бетіне тараған уақытын емес, таңғы АҒАРУДЫҢ ГОРИЗОНТ БЕТІНДЕ АЛҒАШ КӨРІНГЕН УАҚЫТЫ екендігін білдірген.»

Маариф әкімшілігі тарапынан 1316 (милади 1898) жылы басылған «Мухтасар илми хейет» атты кітапта «-19 градус бойынша фәжр уақыты (имсак уақыты) есептеледі. Фәжірден тәмкинді алып тастау арқылы имсак табылады» делінген. Барлық уақыттарда 10 минут тәмкин қолданылуда.

Мектеби Бахрийәда «Теңізшілік оқу орнында» дәрс кітабы ретінде оқытылған және осы мектепте «Астрономия және кемелердің бағыты» мұғалімі Мұстафа Хилмидің жазған Маариф әкімшілігі тарапынан бастырылған «Хейети фәләкийә» атты кітабында намаз уақыттарының барлығында 10 минуттық тәмкин қолданылған, ал имсак уақытындағы күннің төмендігі -19 градус деп алынған.

Кедуси «Руби Даире» кітабында: «Фәжр – күннің жоғарғы шеті шариғи горизонтқа 19 градус қалғанда басталады.»

Ибн Юнус (милади 1009 ж) күн ағаруы (имсак) уақыты үшін 19 градусты негізге алып, кестелерін осы шама бойынша қалыптастырған.

XIV ғасырда өмір сүрген Ибн Шатыр күндіз және таң (фәжр) үшін күннің горизонттан төмендік бұрышы ретінде 19 градусты алған және оның замандасы Әл-Халили де кестелерін осы шама бойынша есептеген. Османлы империясы кезінде даярланған намаз уақыттары кестелерде Ибн Шатырдың күннің горизонттан төмендік шамасы қолданылған.  

Ғази Ахмет Мухтар Паша «Ислахут-тақуим» және «Риязул-мухтар» атты еңбектерінде, шапақ (құптан уақыты) үшін күннің горизонт астына -17 градус және фәжр (имсак уақыты) үшін -19 градус екендігіне астрономия ғалымдарының ауызбірдігіне келгендігін жазған.

Яғни Ислам ғалымдары ғасырлардан бері фәжр биіктігінің горизонттан -19 градус екендігін және басқа сандардың дұрыс еместігін ауызбірлігімен білдірген. Фәтуа осылай берілген. Мүжтаһид емес адамдардың бұл фәтуаны өзгертуге ақылары жоқ. Фәтуаға сай болмаған ғибадаттар сахих болмайды. Мұсылмандардың дін істерінде христиандарға және мазһабсыз дүмшелерге емес, ислам ғалымдарына мойынсұнуы керек.

Онсыз да Түркиядағы Стамбул Университеті Кандилли обсерваториясының 08.07.1992 күнгі және 1354 нөмерлі жазуында имсак пен құптан уақыттарында күннің горизонт астындағы градустарының және тәмкин мөлшерінің 1400 жылдан бері қолданылып келгендігі, яғни құптан (шапақ) үшін горизонт астында -17 градус, имсак (фәжр) үшін -19 градус болуы және тәмкин мөлшеріне қатысты:

«Тәмкин деп аталған мөлшер: Күннің сыртқы радиусы, есептелетін елді мекеннің биіктігінен пайда болатын горизонт бұрышы, горизонттағы сыну мөлшері және күннің көлденең параллаксынан туындайтын уақыт мөлшерінің жиынтығы.»

«Жасалған есептер бойынша тәмкин мөлшері белгілі бір жер үшін әр үрлі уақыттарда 8-10 минут арасында өзгеруде. Осы тұрғыдан жалпылама тәмкин мөлшерінің 10 минут алынуы және мұның түстен бұрынғы уақыттардан алынуы, ал түстен кейінгі уақыттарға қосылуы дәстүрге айналған.» делінген.

Др Мұхаммед Илияс «A modern Guide to Astronomical Calculations of Islamic Calendar, Times, Qibla» атты еңбегінде фәжр турасында құнды мәліметтер беруде және Ислами «фәжр және шапақтың» графигін сызған. Др Илиястың мына мәтіндері тақырыбымызға байланысты: «Әуелі мен де Бағуиге ұйып, фәжр және шапақ уақыттары үшін кіші градустарды қолданған болатынмын. Бірақ кейін жасаған зерттеулерімнің қарсаңындағы жаңа мәліметтердің көмегімен мұның қате екендігін түсіндім. Малазиялық мәшһүр астроном Шәйх Тахир фәжр үшін 20 градус, ал құптан намазы үшін 18 градус алуда. Оразаны бұзуы мүмкін болған ең азғантай ғана уақытты ұсынудың өзі де бұл тұрғыда көп тоқталып еңбектенуді талап ететін күрделі мәселе. Бұған өте мұқият болу керек. Оразаның басталуында болса 10 минуттық тәмкин қолдану дұрыс болады» деп жазған.

Діни істер басқармасының құрылғанынан 1983 жылға дейін имсак уақытын -19 градус биіктікті қолданылуы қажеттігіне қатысты құжаттардың бірнешеуін дереккөздерімен бірге төменде келтірдік. Бұлардан діни басқарманың сайтында әлі де жарияланып тұрғандарының сілтемелері төменде.

«Астрономия мамандары» мен «Діни Істер басқармасы астрономия алқасының» бірлесе дайындап жариялаған милади 1926 жылғы «Тақуими зия»ның алғашқы және соңғы беттерінде «Бұл күнтізбе Діни Істер басқармасы астрономия алқасы тарапынан зерттеліп, Риясети жежиленің құптауымен жарыққа шықты.» деп жазылған. Құрметті муфтилер (мен) және астрономия мамандарынан құралған ғылыми комиссиясы тарапынан құпталған ең дұрыс намаз уақыттарын өзгертпеу қажеттігі жөнінде Элмалылы Хамди Язырдың «Себилур-Решад» еңбегінің 22 томында егжей-тегжейлі мәлімет берілген.

1958 жылы Діни істер басқармасының бір газет журналистіне берген жауабында былай делінеді: «... Имсак (ауыз бекіту) уақытына келер болсақ, мақалаңызда “Ағылшындар да, американдықтар да, француздар да бұл уақытты күннің горизонттың астына 18 градус қалған кезі деп қабылдаған” деп жазыпсыз. Христиан болған бұл үш елдің имсак (ауыз бекіту) уақытының кіргенін бұлай нақты ережемен орнататындай ол уақытта орындайтын қандай ғибадаттары бар екен?.. Олар бұлай қабылдаған күнде де Ислам астрономдары тарапынан имсак уақыты исламның қағидалары бойынша белгіленіп қойылған. Таң атып, ауыз бекітетін имсак уақытының басталуы жайлы ислам шариғатының өзіндік ережелері тұрғанда мұсылман еместердің сөздеріне мұншалықты еруге сізді не мәжбүрлеуде? Имсак уақыты шығыс горизонтта таңғы шапақтың - ағарудың бір нүкте халінде көрінетін уақыты. Ерте замандардан бері келе жатқан бүкіл ислам астрономдары бұл мезетті күннің 19 градус горизонттың астында болған уақыты деп қабылдаған. Демек ислам астрономдарының имсак уақыты үшін қабыл еткен дәрежелері 18 емес, 19 градус. Намаз уақыттары осы градус бойынша есептелуі керек және күнтізбелеріміздегі есептер де осы градус бойынша белгіленген.» деп білдіргеннен кейін «Имсак уақытының формуласын жіберіп отырмыз. Осы формула бойынша есептеңіз немесе есептетіңіз. Нәтижеде күнтізбеде жазылған уақыттың дұрыс екендігі және босқа жұртшылықтың басын айналдырып, адастырып жатқандары мәлім болады» дегеннен кейін мысал ретінде имсак уақытының есебін логарифмдік және тригонометриялық формулалармен келтіріп, одан тәмкин мөлшерін алып тастағаннан кейінгі шыққан имсак уақытын тауып, әлгі журналистке жіберген. Түркия күнтізбесінде және интернеттегі сайттарымызда жарияланып жүрген имсак уақыттары, дәл осында білдірілгеніндей күннің горизонт астында 19 градустық биіктігі негізге алынып және одан тәмкин мөлшері алынып есептелуде.

1983 жылға дейін Түркияда тәмкин уақытын және күннің горизонт астындағы орнын (биіктік бұрыштарын) ешкім өзгертпеген, бүкіл ғалымдар, әулиелер, шәйһулисламдар, муфтилер, бкіл мұсылмандар ғасырлар бойы намаздарын осы шариғи уақыттарда оқып, оразаларын осы шариғи уақыттарда бастаған. Бүгін де барлық мұсылмандардың осы Иджма-и муслиминнен (Мұсылман ғұламаларының ауызбірлігінен) ажырамауы тиіс.

Діни істер басқармасының құрылғанынан 1983 жылға дейін имсак уақыты есебінде -19 градустық биіктікті қолданғандығына қатысты көптеген дәлелдердің біршамасын дерекекөздерімен бірге төменде білдірудемз. Бұлардың ішінде әлі де діни басқарманың сайтында тұрғандарының сілтемелері төменде көрсетілген.

Діни істер басқармасының 13.08.2010 күнгі оқырманның сұрағынына берген жауабында былай делінген:

«Ғибадаттың уақыттары; әсіресе құптан намазы уақытын анықтауда күннің горизонттан төмендік бұрышының, имсак уақыты үшін де күннің горизонтқа жақындау бұрышының білінуі астрономдардың негізгі мәселесі болып табылады. Халифа Мәмун (198ж, милади 813 жылдан  бастапқы) заманнан бері құптан және имсак уақыттары мына “құптан үшін 17, имсак үшін 19 градус” шамалар бойынша анықталған»

Діни істер басқармасының 17.07.2013 күнгі БАҚ-на берген мәлімдемеде былай делінген:

(Діни істер басқармасыныңhttp://diyanet.gov.tr/tr/icerik/basin-aciklamasi/8204?getEnglish=8204 сайтынан алынған.)

“1949 жылы Діни істер басқармасының төрағасы Ахмет Хамди Аксекидің бұйрығымен Кандилли обсерваториясының құрушысы проф Фатин Гөкменнің жетекшілігіндегі Камил Мирас, Стамбул муфтиі Омар Насухи Билмен, Әйуп муфтиі Исмаил Хабиб Ерзен және Муаққит Юсуф Зия Гөкчеден тұратын комиссия имсак уақытын есептеуде 19 градусты негізге алған.

Діни істер басқармасының сайтында;

(Діни істер басқармасының,, http://www.adanamuftulugu.gov.tr/?Syf=18&Hbr= 13576 сайтынан алынған.)

«Басқа тұрғыдан бұл саланың маңызды мамандарынан болған профессор Фатин Гөкмен бұл жөнінде былай деді: ...әртүрлі аймақтарда ұзақ мерзімді астрономиялық есептер, зерттеулер жүргізе отырып, нәтижеде барлық жерде және барлық мезгілдерде батыстағы ағарудың толығымен жойылуы күннің горизонт астына 17 градус төмендеуі және имсак уақыты болған фәжрдің басталуы 19 градуста болатыны анықталған, кейін келген астрономдар да осы анықтаманы растап, 17 және 19 градус жөнінде ауызбірлікке келген.» (профессор Фатин Гөкмен, Себулуррешад, 3 том, 61 саны) деп жазылған.   

Діни істер басқармасының сайтында;

(Діни істер басқармасыныңhttp://www.adanamuftulugu.gov.tr/?Syf=18&Hbr= 13576 сайтынан алынған.)

 “…Кейбір ислам елдері және мұсылман жамағаттар ықтиятты әрекет ету үшін күннің горизонтқа 19 градус жақындауын негізге алып имсак уақытын ертерекке алуда. Өткені Мәсжиди Харам (Мекке) және Мәсжиди Нәбәуи (Мәдина) секілді мұсылмандар үшін ең маңызды екі орталықта да осылай есептелуде” делінген. 

Діни басқарманың уәкілдері мен күнтізбе уәкілдері қатысқан, Діни істер басқармасында 26.05.1992 күнгі жиналыста, Діни істер басқармасының уәкілі Ариф Чөклу ұзақ жылдар бойы жасаған бақылауларынан алған нәтижелерін ескере отырып, имсак уақыты есебінде 19 градустың негізге алынуы және Түркияда тәмкин мөлшерінің 10 минут етіп қолданылуының дұрыс екендігі жөнінде ауызбірлікке  келу нәтижесінде, Ариф Чөклу мен Діни істер басқармасының астрономы және уақыт есептеу мекемесінің директоры мен бірге, алқадағы күнтізбе уәкілдері қолдарын қойып «Хаттама» бекітілді.  

Бүкіл осы дереккөздерде білдірілген және бұдан да көбейтуге болатын осындай мәліметтерден алынатын нәтиже мынадай:

Тәмкинсіз есептелген және күннің горизонт астындағы биіктігі (-18) градус деп есептелген имсак уақыттары қате.

Күннің горизонт астындағы биіктігін (-18) деп алып шариғи ережелерге бағынбай және тәмкин уақытын да мүлдем есепке алмай есептелген кестелерде имсак уақытында шамамен (Түркия сияқты координаталары 36-42 градус ендік арасындағы елдерде) 15-20 минутқа дейін баратын айырмашылықтар шығуда. Сондықтан алданған мұсылмандар шынайы ауыз бекіту уақытынан (имсактан) 15-20 минут өткен соң ауыз бекітіп, оразаны бастауда және тұтқан оразалары фасид болуда. Бұл оразалардың қазасын өтеу керек. 

Қате имсак уақыты білдірілген күнтібе және сайттарда орын алған «1982 жылы имсак уақытынан тәмкин мөлшерін алып тастаған кезде, исламның жеңілдету негізіне сүйене отырып 19 градус орнына ғылыми критерия ретінде 18 градус белгіленді.» деген секілді сөздері ислам ғалымдарының білдірген үкімдерн өзгерту болып табылады. Өйткені;

«жеңілдету негізіне сүйене отырып» деген сөзбен, горизонт астындағы 19 градусты, 18 градусқа өзгерту және тәмкин мөлшерін алып тастау арқылы шынайы имсак уақыттары жойылып, имсак уақыты деп қате уақыттар жариялануда.

«Жеңілдету негізіне» келер болсақ, дінде жеңілдік бар үкімінің мағынасы «Нәпсіңе ұнағанын жаса», «ыңғайыңа келгенін жасай бер» деген сөз емес. Дінде білдірілген жеңілдіктерді қолдану керектігі мағынасында екендігі ислам ғалымдарының кітаптарында нақл етілген.

Имсак және намаз уақыттарының белгілері Насс (Құран кәрім және хадис шәрифтермен) білдірілген. Ислам ғалымдары бұларды ашып түсіндірген және ислам астрономдары бұл түсініктемелерге сай етіп уақыттардың есебін шығарған. Бүкіл осылар мәрмәрге қашалып жазылған жазудай, ғасырлар бойы қолданылып, 1983 жылға дейін өзгертілмеген еді.

«Дурәрул-хуккам» шәрхінде былай делінеді: «Заман өзгеруімен әдет-ғұрыпқа байланысты үкімдер, заңдылықтар өзгеруі мүмкін. Насс (Құран кәрім, хадис шәрифтерге), дәлелге сүйенетін үкімдер заман өзгеруімен өзгермейді.»

«Мәжәлләнің» отызтоғызыншы бабында және шәрхінде: «Үкімдер заман өзгеруімен өзгереді. Яғни әдет-ғұрыпқа байланысты үкімдер өзгереді. Насс арқылы бекітілген үкімдер заман өзгеруімен өзгермейді.» делінген.

Сондықтан «жеңілдету негізі» деген сөздерді қолданып, 1983 жылдан бастап имсак уақытында жасалған осы өзгерістердің кесірінен дұрыс болған имсак уақыттары жойылып, ал қате имсак уақыттарымен тұтылған оразалар фасид болуда.

Ислам ғалымдарының кітаптарында білдірілгеніндей имсак уақытын 3-4 минутқа кешіктірген адамның оразасы және ақшамды 3-4 минутқа ертеге алған адамның шам намазы фасид болатыны (бұзылатыны) «Дурри Иекта» кітабында жазылған.

Осы күнге дейін қате екендігі дәлелденген имсак уақыттарына ұйып тұтқан оразаларды әлбетте қаза ету керек.

ТҮРКИЯ КҮНТІЗБЕСІ
УАҚЫТ ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ
Эл. Почтамыз: info@turktakvim.com