Untitled Document

Сұхбат... Құран кәрім

Құран кәрім әзелден (бұрыннан) бар. Бұған «қадим» дейді. Кейіннен жаратылған емес. Құран кәрімдегі арабша кәлималар Аллаһ тарапынан жіберіліп, Жәбрейіл есімді періште оны сол кәлималары және әріптерімен пайғамбарымызға оқыған. Мұхаммед алейһиссалам оны есітіп, жаттап, сахабаларға оқып берген.

Құран кәрім алғаш Қадір түнінде түсе бастады. Бұл жиырма үш жылға созылды. Ал, Тәурат, Інжіл және басқа кітаптар мен сахифалар бәрі бірден түскен. Құран кәрім Мұхаммед алейһиссаламның мұғжизаларының ең үлкені және ол адамның сөзіне ұқсамайды.

Мұхаммед алейһиссалам мен сахабалардың көпшілігі Құран кәрімді толығымен жаттап алған еді. Кейбіреулері біраз жерлерін жаттап, біраз бөлігін жазып алған еді. Мұхаммед алейһиссалам дүниеден өткен соң халифа Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) аяттарды жатқа білетіндерді жинап, жазғандарды алдырып, Зәйд бин Сабит басқарған кеңеске Құран кәрімді тұтастай қағаз бетіне түсірді. Осылайша, «Мусхаф» деген кітап пайда болды. Отыз үш мың сахаба бұл мусхафтың әрбір әріпінің дұрыс екендігіне бір ауыздан куәлік етті. Үшінші халифа Осман (радиаллаһу анһ) хижраның жиырма бесінші жылы сүрелерге бөліп, тағы алты данасын жаздырып, Бахрейн, Шам, Мысыр, Бағдат (Куфа), Йемен, Мекке және Мәдинаға жіберді. Қазір бүкіл әлемдегі мусхафтар осы жетеуінен көбейтілген. Олардың арасында бірде-бір айырмашылық жоқ.

Құран кәрімде 114 сүре, 6236 аят бар. Аят санының өзгертіліп айтылуы ұзақ бір аяттың бірнеше қысқа аятқа бөлініп көрсетілуінен немесе бірнеше қысқа аяттың бір аят деп саналуынан немесе сүрелердің басындағы «бисмилла» сөзінің бөлек аят деп есептелуінен туындайды.