Untitled Document

Сұхбат... «Қиямет және ахирет» кітабынан үзінді (1)

Имам Ғазалидің «Қиямет және ахирет» кітабынан үзінді:

Аллаһу та'ала бәрінен бұрын кісі өлтіргендердің үкімін береді. Сондай-ақ, ең алдымен иманы дұрыс болған соқырлардың сауаптарын береді. Сонда бір жаршы: «Дүниеде көзі көрмеген соқырлар қайда?» - деп үндеу салады. Оларға: «Сендер Аллаһу та'аланың дидарына қарауға бәрінен де лайықтысыңдар» деп айтылады. Одан кейін Аллаһу та'ала оларға ұялтатын амалдарын көрсетіп, «Оң жаққа өтіңдер!»- дейді. Оларға арнайы байрақ көтеріліп, Шуайб алейһиссаламның қолына беріледі.

Одан кейін «Бәле-жалаға сабыр еткендер қайда?»- деген үндеу шығады және өмірде алапес деп аталатын ауруға және жұқпалы ауруларға шалдыққандар әкелінеді. Аллаһу та'ала оларға сәлем береді. Оларды да оң жаққа жібереді. Оларға арнап жасыл байрақ көтеріліп, Әйюб алейһиссаламның қолына беріледі.

Одан кейін үндеу шығады: «Ислам дұшпандарының өтірік-жалаларына алданбай, Әһли сүннет сенімін нық ұстанған және осы дұрыс иманы мен намысын кәміл дәрежеде сақтаған иманды, намысты жастар қайда?» Олар да әкелінеді. Аллаһу та'ала оларға сәлем беріп, жылы сөздерімен ілтипат көрсетеді. Оларға да «Оң жаққа өтіңдер» деп, оларға арналған байрақ көтеріліп, Юсуф алейһиссаламның қолына тапсырылады.

Одан кейін тағы бір үндеу салынады: «Аллаһ үшін бір-бірін жақсы көргендер және мұсылмандарды жақсы көріп, кәпірлер мен мүртәдтерді жақтырмағандар қайда?» - делінеді. Олар да Аллаһу та'аланың алдына әкелінеді. Аллаһу та'ала оларға сәлем беріп, ілтипат көрсетеді. Кейін оң жаққа өтулері әмір етіледі. Олар дүниелік себептерге бола мүминдерге ренжімей, жамандық жасамағандар. (Жалғасы ертең...)